Елімізде 3 мыңға жуық азамат "еQyzmet" жүйесі арқылы түрлі лауазымға тағайындалды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Дархан Жазықбай мәлімдеді. Бүгінде жоба 44 мемлекеттік органда іске асырылуда. Агенттік келер жылы жаңа форматтағы іріктеу жүйесін барлық органға енгізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметке кіру кезіндегі кедергілерді жою мақсатында бірнеше бағдарлама қолға алынған.
ДАРХАН ЖАЗЫҚБАЙ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Біздің негізгі мақсатымыз Мемлекеттік қызметке келудің ашықтығын қамтамасыз ету, оны толыққанды цифрландыру. Және HR заманауи құралдарды мемлекеттік органдарда жұмысын жандандыру. Сонымен қатар, қашықтықтан тереңірек мониторинг жасау арқылы артық құжаттарды талдап, өзгерістер енгізіп отыру.