$530.12 €546.08 ₽5.17
×

Алтынның граммы 45 мың теңгеге жетті

04.12.2024ж. 20:00
213
Алтынның граммы 45 мың теңгеге жетті

Алтын аспандап барады. Граммы 45 мың теңгеге жетті. 1 жыл бұрын 30 мың теңгенің маңайында саудаланған метал құнының шарықтауына не себеп? Осы және өзге де ақпараттар "Экономика" топтамасында.

Ақшасын алтынмен ұстайтындар мол пайдаға кенеліп жатыр. Себебі бағалы металдың бағасы шарықтап, рекордтық көрсеткішке жетті. Ұлттық банк алттының бір грамын 44 479 теңге деп бекітті. Яғни бір тәулікте баға бірден 1,6 пайызға өсті. Апта ішінде шамамен 4, ал былтырғымен салыстырғанда 47 процентке көтерілген. Мамандар бағаның қымбаттауына өндіріс секторы мен инвесторлар тарапынан сұраныстың артуы себеп дейді.

Биылғы жылдың үшінші тоқсанында орташа жалақы 400 мың теңгенің көлемінде болды. Ал 993 мың адам бұл соммадан көбірек айлық алады екен. Ұлытау облысы жоғары жалақылы жұмысшылар үлесі бойынша көш бастап тұр. Өңірдегі ірі және орта кәсіпорындарда еңбек ететіндердің жартысынан астамының қолына 400 мың теңгеден көп қаржы тиеді. Маңғыстау облысы бұл тізімде екінші орынға жайғасқан. 63 мың адам орташадан жоғары жалақы алады. Үздік үштікті Атырау облысы түйіндеді. Көш соңына Жамбыл, Жетісу және Солтүстік Қазақстан облыстары жайғасқан.