Жамбылда мектеп асханаларынан жүзге жуық кемшілік анықталды. Тексерісті арнайы құрылған комиссия жүргізген. Тазалық сақтамаған тағам жеткізушілеріне 10 миллион теңге айыппұл салынды. Кемшілікке жол берген мектеп басшылығына да шара көрілді.
ПЕРИЗАТ ШӘКІР, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
Тексеру нәтижесінде бізде 56 мектеп директорына, 8 директорыдың орынбасарына, 52 әлеуметтік педагогке сөгіс және ескерту түріндегі тәртіптік шаралар қолданылды.
Былтыр облыста 60-тан аса оқушы астан ұшынған болатын. Содан кейін мектеп асханаларына талап күшейді. Өңірде 491 білім ордасын 39 жеке кәсіпкер ыстық аспен қамтамасыз етеді. Енді мектеп тағамын облыс прокурорлары мен эпидемиологтары да бақыламақ.
САЛТАНАТ ӘЛІБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Ауыз су режимі бұзылады. Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары жоқ болуы кіреді. Оның бәріне сараптама жүргізіліп әкімшілік құқық бұзушылықтың 425 бабымен 802-тармаққа сай біз әкімшілік хаттама толтырып айыппұл салдық.