Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
ТЖМ мәліметінше, сейсмикалық стансалар желісі 4 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 17:07-де жер сілкінісін тіркеген.
- Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 96 шақырым жерде орналасқан, - делінген ақпаратта.
Қазақстан аумағында жерасты дүмпулері сезілген жоқ.