$538.54 €628.31 ₽6.7
×

Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорнды Ұлттық мерекемен құттықтады

AstanaTV
05.12.2024ж. 15:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорнды Ұлттық мерекемен құттықтады

Қазақстан Президенті жеделхатында Таиланд Корольдігінің халықаралық аренада және әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай табысқа қол жеткізгенін атап өтті.

Сонымен қатар Президент Таиланд Корольдігімен дәстүрлі достық пен мазмұнды саяси диалогқа негізделген ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін жеткізді.