Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Нұр Отан» партиясы жариялаған инновациялық байқаудың жүлде қоры 8 млн теңгені құрайды.

AstanaTV
18.05.2017ж. 20:00
1735
«Нұр Отан» партиясы жариялаған инновациялық байқаудың жүлде қоры 8 млн теңгені құрайды.

«Nurintech» жобасы. Жүлде қоры 8 миллион теңгені құрайтын инновациялық байқауды бүгін «Нұр Отан» партиясы жариялады. Мақсат - бір. Жастарды ғылыми-инновациялық қызметке баулу арқылы қабілеттерін арттыру. Аталған жоба 5 номинация бойынша өткізіледі. Жаңа әрі жемісті деген идеялар жеңімпаз деп танылып, жоба қаржыландырылатын болады. Конкурстың барынша әділ және ашық өтуі үшін қазылар қатарына түрлі саланың білікті мамандары шақырылып отыр. 

Данияр Сүндетбаев, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖК төрағасы:

Бірнеше сатыдан өтетін жоба. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін қабылданады. Жобаның қорытындысы қараша айында жарияланады. Біріншіден, бізге әрбір экономика саласында, әлеуметтік болсын, саяси болсын, бізге инновациялар қазір керек болып тұр. Және президенттің айтуы бойынша, егер біз инновацияны дұрыс қолданатын болсақ, ол - біздің ең басты стратегиялық саясатымыз.