Сайланған президент Дональд Трамп АҚШ-та заңсыз жүргендердің барлығын, соның ішінде Америка азаматтары мен депортацияланған отбасы мүшелерін жер аударуға дайын екенін айтты. Айтуынша, енді АҚШ-та туылған нәрестелерге бұл елдің азаматтығы берілмейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NBC News порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Дональд Трамп АҚШ конституциясындағы 14-түзетуде бұрыннан бекітілген туу бойынша азаматтық алу құқығын алып тастауға ниетті екенін мәлімдеді.
Алайда ол АҚШ-қа бала кезінен келген заңсыз иммигранттардың елде қалуын қамтамасыз ететін заң қабылдау мақсаты бар екенін де айта кетті.
Трамп жаппай депортациялау жоспары туралы мәлімдемелері президенттік науқан кезінен-ақ мәлімдеген еді. Бағдарлама қылмыс жасаған заңсыз иммигранттардан басталады. Кейін қылмыскер емес адамдар да тексеріле бастайды.
“Қылмыскерлердің барлығын елімізден қуып шығуымыз керек. Алдымен қылмыскерлерден бастаймыз. Кейін қылмыскер емес басқа адамдарды да қараймыз”, – деді Дональд Трамп.
АҚШ Башар Асадтың химиялық қаруы әлдекімдердің қолына түседі деп қорқады
Трамп доллардан бас тартқысы келген БРИКС елдерін қорқытты
АҚШ-тың Мексика шекарасындағы шектеулердің күшеюі Трамптың сайлауалды науқанының басты нүктелерінің бірі болды.
Трамп сонымен қатар АҚШ азаматтарының елдегі заңсыз отбасы мүшелерімен бірге депортациялауды таңдай алатынын жеткізді. Яғни бұған заңсыз ата-аналар мен олардың АҚШ азаматтығын алған балалары да жатады. Америкадағы аралас иммиграциялық мәртебесі бар шамамен 4 миллион отбасы бар.