$454.98 €509.53 ₽5.37

Қар жауып, көктайғақ болады - синоптиктер ескерту жасады

05.10.2026ж. 23:34
Қар жауып, көктайғақ болады - синоптиктер ескерту жасады
фото: pixabay

6–8 қазанда ел аумағында жаңбыр жауып, кей жерлерде жаңбыр соңы қарға ұласады, деп хабарлайды Astana TV.

"Қазгидромет" болжамынша, кей өңірлерде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.

 

Елдің батысында түнде ауа температурасы +2+12°С, күндіз +17+22°С болады. Солтүстік-батыс пен солтүстікте түнгі температура -1-6°С-тан +3+13°С-қа дейін, күндіз 0+5°С-тан +5+20°С-қа дейін көтеріледі.

Шығыс пен орталық өңірлерде түнде ауа температурасы 0+7°С, күндіз +2+15°С шамасында болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнгі температура +2+8°С-тан +5+10°С-қа дейін көтеріледі. Таулы аймақтарда 1-3°С үсік жүруі мүмкін.

Күндіз оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы +12+17°С-тан +17+22°С-қа дейін, таулы аудандарда +4+9°С-тан +9+14°С-қа дейін жылынады.