$454.98 €509.53 ₽5.37

Қоқыс жағалап, күн көріп жүрген 10 жасар баланың анасы ата-ана құқығынан айырылды

06.10.2026ж. 00:45
Қоқыс жағалап, күн көріп жүрген 10 жасар баланың анасы ата-ана құқығынан айырылды
Фото: Zakon.kz

Батыс Қазақстанда 10 жастағы бала мектепке бармай, қоқыстан тамақ пен киім тауып күн көрген, деп хабарлайды Astana TV.

Жоғары соттың мәліметінше, бала спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланған анасымен бірге тұрған. Анасы қараусыз қалған үйді бөгде адамдардың тұрақты жиналатын орнына айналдырған. Бала ешқашан мектепке бармаған, оқып-жазуды білмеген. Ал тамағы мен киімін қоқыс үйіндісінен тауып отырған. 

“Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның бастамасымен бала үш ай мерзімге арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына орналастырылған. Одан кейін, 2026 жылы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы және білім басқармасының бұйрығы негізінде бала отбасылық үлгідегі балалар ауылына қамқорлыққа берілген. Анасы осы уақыт ішінде ұлына бір рет те келмеген. Оның тағдырына немқұрайлы қараған. Жауапкер сот отырыстарына шақырылғанына да қарамастан, мұнда да келмеген”, – делінген сот хабарламасында.

Сот анасын ата-ана құқығынан айырды. Одан баланы асырауға алимент өндіріліп, олар баланың жеке депозиттік шотына аударылуға тиіс. Баланың құқықтары мен мүдделері қорғалды. Сот шешімі заңды күшіне енді.