$524.75 €540.6 ₽5.12
×

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Түркістан облысында жалғасуда

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Түркістан облысында жалғасуда

«Таза Қазақстан» акциясы Түркістан облысындағы Жетісай ауданында тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Жалпыхалықтық шара барысында бүгін мақталы өңірде республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар мен ішкі көшелердің бойы күл-қоқыстан тазартылып, қураған шөптер шабылды. Сонымен қатар, арық-атыздардағы қатты тұрмыстық қалдықтар жиналды. Аудан бойынша шара бүгін бірнеше ауылда өтті. Экологиялық акцияға 1 мыңнан астам адам жұмылдырылып, 10 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Ауыл ақсақалдары мұндай шараның жиі өткізілуі экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және тұрғындардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятуға үлкен сеп болатынын айтады. 

БОЛАТ ДАТҚАЕВ, ЖЕТІСАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Әркім өз көшесін, өз ауласын тазалап отырса еліміз, Қазақстанымыз жайнап, таза болады. Бүгін көшеге шығып ауламызды тазалап, көшемізді тазалап, өте керемет бір жақсы ісшара өтіп жатыр. Қаламыздың жайнағаны, қала ауданымыздың таза болғаны бәрімізге маңызды.