$516.93 €542.52 ₽4.98
×

Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Ол Президент реформаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету аясында палатаның атқарған қызметі туралы баяндады. Сессия басталғаннан бері 31 заң қабылданып, Сенатқа жолданған, сондай-ақ 15 заңға Президент қол қойған. Олардың ішінде Бюджет кодексі, биржалық сауда мәселелері бойынша заңдар, есірткі қылмысы үшін жазаны қатаңдату, «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтаушы жүйесін енгізу, соттарды жаңғырту, әкімшілік заңнаманы жетілдіру бар. Қазір депутаттар 71 заң жобасын қарап жатыр. Салық, Су, Құрылыс, Цифрлық кодекстері мен тұтынушылар құқығын қорғау, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселесі, қаржы нарығын дамыту, әскери-патриоттық тәрбие, пошта секілді заң жобалары бойынша жұмыс жүргізілуде. Мәжіліс спикері дипломатия бағытындағы жұмыстың қорытындылары жөнінде де мәлімет берді. «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» және «Жер аманаты», сондай-ақ Мемлекет басшысының халықтың қаржылық сауатын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша атқарылып жатқан «Қарызсыз қоғам» жобалары туралы айтты.