"Қазгидромет" синоптиктері алматылықтарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2024 жылғы 13 желтоқсанда Алматы қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бұған дейін синоптиктер алдағы қыс мезгіліне ауа райы болжамын нақтылады. Жалпы алғанда, қыста температура режимі климаттық норма шегінде күтіледі, жауын-шашын мөлшері көп жылдық нормадан асады.