$447.73 €502.98 ₽5.35

61 жастағы ер адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап, мерт болды

AstanaTV
02.10.2026ж. 19:00
61 жастағы ер адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап, мерт болды

61 жастағы ер адам тоғызыншы қабаттан құлап, көз жұмды.

Оқиға Өскемен қаласы, Ушанов алаңы маңындағы тұрғын үйлердің бірінде тіркелген. Куәгерлер ер адамның тоғызыншы қабаттың терезесінен құлағанын айтқан. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті тұрғынның қаза болғанын растады.

ШҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Өскемен қаласының 61 жастағы тұрғынының қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайларын толық, объективті және жан-жақты анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.