$524.02 €545.19 ₽5.09
×

«Таза бейсенбі» шарасы Бәйдібек би кесенесі аумағында өтті

«Таза бейсенбі» шарасы Бәйдібек би кесенесі аумағында өтті

Тұрғындардың экологиялық мәдениетін көтеруге арналған кезекті іс-шараны AMANAT партиясының Түркістан облыстық филиалы Бәйдібек би кесенесінің аумағында өткізді. Тарихи тұлғаның рухына тағзым еткен аманаттықтар, ғасырлар қойнауынан бүгінге дейін жеткен ескерткішке құрмет көрсетті. Кесене аумағында көпшіліктің күшін қажет ететін жұмыстарды атқарып, айналасын қардан тазартты. Көне дәуір мазараты маңы мен аяқжолдарда шашылған қоқыстарды жинады. Бәйдібек ауданында өткен тазалық жұмыстарына депутаттар мен ауыл тұрғындары, жастар біркісідей жұмылды. Айта кетейік, «AMANAT» партиясы ұйытқы болған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы маусым айынан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

ҚАЛЫЙМА ЖАНТӨРЕЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ УАҚЫТША МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Содан бері біз 272 тонна күл-қоқыс шығарыппыз. Айналаны тазалап жатырмыз. Мақсат –экологиялық мәдениетті халықтың арасында, тұрғындардың арасында қалыптастыра отырып қоршаған ортаға жанашырлық таныту. Жастарды елжандылыққа тәрбиелеу, табиғатты сүюге тәрбиелеу.