$522.63 €548.66 ₽5.07
×

«AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылар арасында үздіктер марапатталды

13.12.2024ж. 20:00
112
«AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылар арасында үздіктер марапатталды

Қызылорда облысында «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылар арасында үздіктер марапатталды. Шараға Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов қатысты. Республикалық конкурсқа 250-ден астам өтінім келіп түскен. Қазылар алқасының шешімімен оның 30-ы ғана 10 номинация бойынша жүлделі орындарға ие болды. 

Бүгінде халықтың шамамен 40%-ы ғана ауылдық жерде тұрады. Сондықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсартуға баса назар аударып отыр. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов ауылдардың инфрақұрылымын дамыту, елдімекен тұрғындары үшін кепілсіз «тауарлық несие» енгізу, ауылдық округтер бюджетінің кіріс базасын арттыру бүгінгі күнің өзекті мәселесі екенін айтты. Бұл биліктің ауылдағы ағайынға жасаған қамқорлығы дейді.

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Президент айтқандай жаһандану дәуірінде қазақты сақтау үшін ең алдымен ауылды сақтауымыз керек. Сондықтан конкурс аясында біз ауыл өміріне ерекше назар аударуды көздедік. Ауыл біздің алтын бесігіміз. Мәдениетіміздің дәстүріміздің және рухани өміріміздің сарқылмас қайнары. Ауылға деген қамқорлық өткенге, бүгінге және болашаққа деген қамқорлығымыз. Бұл біздің парзымыз деп айтар едім.

Байқауға қатысушылар «Ауыл аманаты» жобасы – мемлекеттің Еңбек адамына деген қамқорлығының жарқын үлгісі, ауыл тұрғындарының табысын арттырудың қарапайым әрі түсінікті құралы екенін атап өтті. Олар Мемлекет басшысына және «AMANAT» партиясына көрсетілген қолдау үшін алғыс білдірді.

АЙГҮЛ АЛДАНГОРОВА, ЖОБА ЖЕҢІМПАЗЫ:

"Ауыл аманаты" бағдарламасы мен енігізі ауылымыздың чатынан көрдім. 2,5 пайызбен 5млн-дық кредит алдым. Сонымен адымдап қазіргі таңда кішкентай болса да шаруа қожалығымды жүргізіп отырмын. Сүт өнімдерін шығарамын. Павлодар облысы бойынша ғана емес. Өңіріміздің басқа қалаларына да сатып отырмын.

АМАНТАЙ АНДАСОВ, ЖОБА ЖЕҢІМПАЗЫ:

"Ауыл аманаты" жобасы өте керемет жоба. жастарға, жаңадан бизнес ашушыларға керемет мүмкіндік деп ойлаймын. 2,5 пайызбен жеңілдетілген кредит. Қазіргі таңда 30 адам жұмыспен қамтылған. 2025-те 50-ге көбейтеміз деп жатырмыз және 2026 жылы құрылғылар алып, тамшылап суғару жүйесін қолға алайын деп жатырмыз. Жалпы 100 адамға толтыруға ниетіміз бар.

«Ауыл аманаты» жобасы іске қосылған сәттен бастап 16 мыңға жуық ауыл тұрғыны жеке кәсібін бастаған. Нәтижесінде 17 мыңнан астам жұмыс орны құрылған. Бұдан бөлек, Мәжіліс спикері өңірге сапары аясында «Ауыл аманаты» аясында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесіне барды. Сондай-ақ, Қызылорда қаласының «Қорқыт Ата» әуежайындағы жаңа терминалдың жұмысымен танысты.