$515.25 €535.91 ₽5.18
×

"БҚО жылды жақсы нәтижелермен қорытындылады", - облыс әкімі

13.12.2024ж. 20:00
124
"БҚО жылды жақсы нәтижелермен қорытындылады", - облыс әкімі

"Батыс Қазақстан облысы жылды жақсы жетістіктермен қорытындылады". Облыс әкімі "AMANAT" партиясының депутаттық фракциясы отырысында осылай мәлімдеді. Нариман Төреғалиев партияның сайлауалды бағдарламасы аясындағы «Жол картасының» орындалуы туралы есеп берді. Жыл басынан бері 16 мың жұмыс орны ашылды. 465 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, 4 мыңнан астам адам баспаналы болды. Ұзындығы 95,5 шақырым болатын жолды жөндеу бойынша 9 жоба іске асырылды. «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 3 жаңа оқу орнының құрылысы аяқталады. Сондай-ақ 29 млрд теңгеге бірқатар коммуналдық нысанды жөндеу жоспарланған.

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Қазіргі таңда маңызды нысанның бірі – 150 орындық оңалту орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Жыл соңына дейін толық аяқтаймыз. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Орал қаласында шағын функционалды спорт кешенін салу міндеті қойылды. Ол да көп ұзамай дайын болады. Қазір оның құрылыс жұмыстары да соңына таяды. Осылайша, 2024 жылға жоспарланған барлық нысанды мерзімінде аяқтаймыз.