Көбі балалар мен әйелдер. Босқындардың дені Венесуэла, Гондурас, Гаити мен Куба азаматтары, деп хабарлайды 24kz.
Мигранттар АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың ұлықтау рәсімі өткенге дейін шекара асуға асығып барады. Трамптың ант беру салтанаты алдағы жылдың 20 қаңтарына белгіленген. Алдын ала ақпарат бойынша ол бірінші күні көші-қон саясатын қатаңдату туралы жарлыққа қол қоймақ.
Әсіресе, Мексикамен арада алғашқы президенттігі кезінде салына бастаған, бірақ кейін тоқтап қалған дуал құрылысын жандандыруы мүмкін. Сондай-ақ Трамп заңсыз кірмелерді жаппай депортациялауға дайын.
The Wall Street Journal басылымының мәліметі бойынша АҚШ-тан 20 миллионға дейін мигрант қуылуы ықтимал.