$474.83 €515.38 ₽5.5
×

Семейдегі ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен 80 азамат өтемақыларын көрмей келген

AstanaTV
19.05.2017ж. 20:00
3714
Семейдегі ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен 80 азамат өтемақыларын көрмей келген

Семей ядролық полигонында сынақтар өткен кезде сол аумақта әскери қызметін өткерген 80 қызылордалық осы күнге дейін барлық өтемақы мен әлеуметтік көмектерден қағылып келген. Бұл туралы прокурорлар анықтаған.

«Семей ядролық полигонындағы сынақтардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау» Заңына сәйкес, сол аймақта туып-өскендер ғана емес, 1949-1990 жылдар аралығында сол өңірде өмір сүрген азаматтар жәрдем алуға құқылы. Алайда, Сырдария ауданынан алпысыншы жылдардың аяғында әскерге аттанған сарбаздар бұл көмекке қол жеткізбей келген.

68 жастағы Болатбек Уайсовтың айтуынша, бірге әскерде борышын өтеген көптеген қатарластары қайтыс болып кетіпті. Тіпті 30-40 жасқада жетпегендері де бар. Олардың барлығы тиісті оңалту, сауықтыру емдерін қабылдамаған. Бірнеше жыл қатарынан жергілікті атқарушы органдарға арыз жазып келгендерін айтқан Болатбек Уайсов, одан еш нәтиже болмағанын, жеткізді.

Аудандық прокуратура мониторинг жүргізу барысында осы деректі анықтаған. Нәтижесінде ауданда «Семей ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету» жобасы әзірленіп, арнайы комиссия құрылып, азаматтардың қорғалу құқығын растайтын куәліктер табысталып жатыр.

Болатбек Уайсов:

1968 жылы 13 ноябрьде осы Тереңозек военкоматынан әскерге шақырылдық. Екі жылдық борышымызды өтеу үшін алдымен Ашхабадқа барып, одан кейін Семей облысының Жарма ауданында болдық. Жалғызтөбе деген станцияда. Сол Семей полигонының бір шеті. Біздің жігіттердің көбісі барғандардың ала алмай кетті. Қатар бірге болған жігіттердің бақилық қайтыс болып кеткендері бар.

Асхат Тәженов, Сырдария ауданының прокуроры:

Біріншіден, аумақ қауіптілігіне қарай бес айлық есептік көрсеткішке дейінгі бір жолдық өтемақыға ие болады. Екіншіден, зейнеткерлікке шыққандарға үш айлық есептік көрсеткішке дейінгі зейнетақыға үстемақы қосылады. Үшіншісі, жұмыс жасайтындарға екі айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде қосымша еңбекақы табысталатын болады. Одан кейін жыл сайынғы қосымша еңбек демалыстарына құқығына ие болады. Жыл сайын мамандырылған арнайы медициналық көмектерге ие болатын болады.

Шарипа САҚТАПОВА