Астанада «Жас көшбасшылар платформасы» жобасы басталды. Алғаш рет өткізіліп тұрған шараны «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» Жастар қанаты ұйымдастырды. Екі күнге жалғасатын жобаға еліміздің түкпір-түкпірінен 150 белсенді жас қатысуда. «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек жобаның маңыздылығына тоқталды. Болашақта ел тізгінін қолға алатын көшбасшылардың қарым-қабілетін жан-жақты дамыту, оларға қолдау көрсету партияның негізгі мақсаттарының бірі екенін атап өтті. Аталған платформа қоғамдық-саяси салаға қызығушылығы бар жастарды қолдауға бағытталған.
АҚЕРКЕ ЕСКЕНДІРОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:
Бұл алаң шыныменде жастарды жалпы осы саясатта жүрген адамдармен бірге қосып, сұрақтарына жауап алатын алаң болып табылады. Осы жерде іріктелген үздік болған 25-30 жас 2025 жылы олармен кадрлық резерв ретінде жұмыс жасайтын боламыз.
Бастама биыл Түркістан облысында өткен республикалық жастар саяси лагерінде көтерілген болатын. Қазір семинарға 18 бен 25 жас аралығындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының белсенділері, бөлімше жетекшілері қатысып жатыр.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Бөлімше жетекшілері және өзін көшбасшы ретінде санайтын жастарға бұл үлкен мүмкіндік деп ойлаймын.
- Қоғамға қазіргі таңда оң өзгерістер алып келетін жобаларды бірге орындаймыз деген ойдамын.
- Жастарды қолдауға бағытталған жоба ұйымдастырғанына және өзімнің осы ортада табылғаныма өте қуаныштымын.