Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

ӘХБ құрылымын өзгерту шаруасы елдің экономикалық дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін - Moody's

AstanaTV
22.05.2017ж. 20:00
2660
ӘХБ құрылымын өзгерту шаруасы елдің экономикалық дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін - Moody's

Әзірбайжан халықаралық банкінің сыртқы міндеттемелерін қайта қарап, құрылымын өзгерту-елдің экономикалық дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Бұл туралы "Moody's Investors Service" халақаралық рейтинг агенттігі хабарлайды.

Сарапшылар пайымынша, Әзірбайжанда жалпы ішкі өнімінің өсімі банктердің несиелеу үрдісін жандандырумен тікелей байланысты. "Оңалтудан халықаралық банк қана емес, өзге де қаржы құрылымдары өтуі керек", - деп жазады Moody's.

Еске салайық, Әзірбайжан халықаралық банкі банкрот деп жарияланды. Ал Қазақстанның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы банкке 71,3 миллиард тенге инвестиция салған. Әзірбайжан үкіметі банктің қарызын өз мойнына алып отыр. Шетелдіктер алдындағы берешек  2,3 млрд долларды құрайды.