$458.87 €493.84 ₽6
×

Ресейде іздеуде жүрген 9 қылмыскер Батыс Қазақстанда қолға түсті

AstanaTV
24.03.2016ж. 20:00
1611
Ресейде іздеуде жүрген 9 қылмыскер Батыс Қазақстанда қолға түсті

Ресейдің құқық қорғау органдары көптен бері іздестіріп жүрген 9 күдікті Батыс Қазақстан облысында ұсталды. Олардың ұзақ уақыт бойы осында жасырынып келгені анықталып отыр. Облыстық ІІД-нің дерегінше, ТМД елдерінің тәртіп сақшылары күш біріктірген «Іздестіру» шарасы барысында бас-аяғы 18 адам қолға түсті.

Ұсталған 9-дың екеуі 10 жылдан бері іздеуде жүрген. Полицейлер олардың ұрлық жасады деген күдікке ілінгенін айтып отыр. Сондай-ақ, атыраулық сақшылар іздестіріп келген 2 күдікті Орал қаласынан табылды. Бұдан бөлек облыстық Ішкі істер департаменті тарапынан іздеуде болған 6 адам қолға түсті. Хабар-ошарсыз кеткен тағы 4 адамның мекен-жайы анықталған. Олардың біреуінің Ресейде жүргені белгілі болды.

Асылай Ғұбашева, БҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілі:

Облыс аумағында полиция қызметкерлері РФ құқық қорғау органдарының іздеуінде болған 9 қылмыскерді ұстады. Соның ішінде ресейлік әріптестеріміздің көмегімен РФ Самара облысында 7 миллион теңгені жымқырып кеткен Орал қаласының ІІБ іздеуінде тұрған азамат Гроздов анықталып ұсталды.

Еркін КАРИН 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах