Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова өзінің желідегі парақшасында жаңа әні жарыққа шыққанын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Менде қос қуаныш. Раконтайдың жаңа жасымен бірге жаңа ән келді. Сәйкестік деп осыны айт. Ал, аппақ тілектеріңізді жаудырыңыздар, достарым. Әр үйде қуаныш болсын!», - деп жазды ол.
Мөлдір Мұқанова туған күн тақырыбындағы ән жазған екен. Ал желі қолданушылары оған құтты болсын айтып, жылы лебіздерін жаудырған.