$447.73 €502.98 ₽5.35

Алматыда ер адам көпшіліктің көзінше бөтен бойжеткенке қол жұмсады

Алматыда ер адам көпшіліктің көзінше бөтен бойжеткенке қол жұмсады
Фото: скриншот

Ер адам бойжеткенге қоқан-лоқы көрсетіп, артына түскен

Бойжеткеннің айтуынша, Әуезов ауданында ол қатты мас күйде болған ер адаммен керісіп қалған. Ол бойжеткенді ұрмақ болып, кейін қолына тас алып соңынан қуған, жан-жағындағы заттарды лақтырып, артынан іздеп келетінін айтып сес көрсеткен, деп хабарлайды Astana TV Криминальный Казахстан телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Жәбірленуші өз өмірі үшін қатты қорыққанын жеткізді. Оның сөзінше, маңайдағы жұрт әуелде араша түспеген, тек кейінірек бір ер азамат көмектескен. Оқиға видеоға түсіп қалған.

Полиция бойжеткеннен жауап алынғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта құқық қорғаушылар ер адамның қайда жүргенін анықтап жатыр. Оның іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.