Әнші, актриса Айгүл Иманбаева желіде жазба жариялап, жұртты ойландырып қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол осы жылы атқарған шаруаларына қорытынды жасап өтті.
«Жылдың аяқталуына санаулы күндер ғана қалды. Әдеттегідей жылды қорытындылайтын уақыт. Жасалған нәрсе көп, жасамағаным одан да көп. Бәріне алғысым шексіз, Жаратқанға!
Мен кіммін? Қайда барамын? Менің ең соңғы аялдамам қандай деген сұрақтарды өзіме жиі қоямын. Не алдым? Не беремін? Әрине бұл жолда тек бір Жаратушымнан қуат, денсаулық сұрап, тек даму жолында болу керектігін түсінесің.
Ал сіздер жылдық қорытындыны қалай жасайсыздар?!» - деп жазды Айгүл Иманбаева.