Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде отбасылық суреттерін жариялап, оқырмандарына тілегін жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
«Аман-есен жаңа 2025 жылды бастап кеттік. Құтты болсын! Әрқайсысыңызға денсаулық, бақыт, байлық, махаббат тілейміз. Бақтарыңыз еселенсін! Еліміз аман, жеріміз тыныш, халқымыз бейбіт өмір сүрсін! Барлық армандарыңыз орындалсын! Ізгі тілекпен Райымбектің отбасы», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары да әншіні Жаңа жылмен құттықтап, отбасына бақыт тіледі.
«Алла тіл-көзден сақтасын. Қазағымның әр қызына Райымбектей жігіт бұйырып, әр қызымыз Еркедей еркелеп жүрсін», «2025 жылы осындай бақыт армандап жүрген қыздарға жуғысты болсын! Аумин!», «Аман-есен босанып, кішкентайыңызды бауырыңызға алыңыз», «Әдемі отбасы», деп жазды оқырмандар.