Испания билігі «алтын виза» ережесін жою туралы шешім қабылдады. Енді шетелдіктер жылжымайтын мүлік сатып алу арқылы ел аумағында өмір сүру мүмкіндігінен айырылады.
Кейінгі кезде кәрі құрлықта мұндай визаларға деген қызығушылық артқан. Әсіресе өз еліндегі саяси тұрақсыздыққа көңілі толмайтын азаматтар арасында сұраныс көп.
Аталған визаның ең кең тараған нұсқасы 500 мың еуродан кем емес сомаға жылжымайтын мүлік сатып алу болды. Басқа опцияларға испаниялық компаниялардың акцияларына 1 миллион еуро немесе Испанияның мемлекеттік бағалы қағаздарына 2 миллион еуро инвестициялау кіреді.
Бұл туралы 24.kz хабарлайды.