Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы 2025-2026 оқу жылына қолданылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сараптамадан өткізді. 278 оқулық пен оқу-әдістемелік құрал қаралды, оның 266-сы мақұлданып, пайдалануға ұсынылды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған Брайль шрифтімен және жазуы үлкейтілген оқулықтар әзірленді. Сондай-ақ 4-сыныптар үшін цифрлық сауаттылық, орыс тілі және шет тілдері бейнелеу өнері, еңбекке баулу, жаратылыстану пәндері бойынша оқулықтар және ұйғыр, өзбек тілдерінде оқытатын мектептерге арналған оқу құралдары бекітілді.
ШОЛПАН АБУТАЛИМОВА, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ БІЛІМ МАЗМҰНЫН САРАПТАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Пәндік сараптама комиссиясында тәжірибелі педагогтер мен ғалымдар жұмыс істеді. Оқу әдебиеттерін бағалау әр басылымды сынақтан өткізу мен талдау нәтижелеріне негізделіп, ғылыми-педагогикалық талаптарға сәйкес жүргізілді.