$516.85 €537.68 ₽5.26
×

"Президен сыртқы саяси мәселеге көп көңіл бөлген", - сарапшы

06.01.2025ж. 20:00
365
"Президен сыртқы саяси мәселеге көп көңіл бөлген", - сарапшы

Былтыр Мемлекет басшысы 23 рет шетелге барып, лауазымды тұлғаларымен 84 кездесу өткізді. Атқарылған ауқымды жұмыстардың барлығы да сыртқы саяси қарым-қатынастың нығаюына сеп болады. "Ана тілі" газетіне берген сұхбатында Президент шет мемлекеттермен ықпалдастық мәселесіне ерекше тоқталды. Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының негізгі аспектілерін талқылады. 

Шет мемлекетермен байланыс нығаймай ішкі экономикамыздың ілгерілеуі екі талай. Бұл уақытпен дәлелденген үрдіс. Президенттің шетелге жиі сапарлауының астарында да осы мәселе жатыр. Соның арқасында еліміздің әлемдік аренадағы орны бекіп, беделі асқақтай түскен. Мемлекет басшысы сұхбатында шетелмен байланысқа ерекше тоқталды. Әсіресе, Ресей, Қытай, АҚШ секілді ірі державаларға көбірек көңіл бөлді. Себебі, бұл елдермен барлық салада ынтымақтастық орнаған.

ЖАНАТ МОМЫНҚҰЛОВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Жалпы алған кезде Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі бағыттарды көрсетіп тұрған сияқты. Ресей, Қытай, батыс, Түркі әлемі. Былтыр Еуропамен байланыс нығайды. Франциямен, Германиямен, Қытай, Ресеймен. Бұның барлығы Қазақстанның орта күш болып келе жатқанын көрсетеді.

Расында Батыста, жалпы жер жүзінде Қазақстанды орта держава деп атайды.Бізбен байырғы серіктестеріміз ғана емес, сонау Африка құрлығындағы мемлекеттер де достық қатынас құруға мүдделі.

ҚЫРМЫЗЫ ЖАҢБЫРШИНА,ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОФ ЖАНЫНДАҒЫ «MIRAS» АЙМАҚТЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сұхбат барысында Президент Қазақстанның сыртқы саясаты көпвекторлы болатынын айтып өтті. Ол дегеніміз біздің мына көршілес мемлекттермен, Ресей, Қытай, Орта азиядағы туысқан мемлекеттермен, түркі тілдес мемлекеттермен және сонымен қатар әлем бойынша ірі державалар мысалы Америка сияқты мемлекеттермен достық қарым-қатынаста болуымыз, саяси достық қарым–қатынаста және экономикалық қарым- қатынасты нығайта түсуге күш салуымыз керектігін айтты.

Президент сұқбатында "Халықаралық" сөзі 65 рет айтылған. Бұл қазіргі алмағайып заманда еліміз саяси аренада белсенді болуы керек дегенді білдіреді дейді мамандар.