$527.23 €544.05 ₽5.05
×

Алтынай Жорабаеваның қызына Пекиндегі атақты университет 650 мың теңге берген

AstanaTV
08.01.2025ж. 00:14
177
Алтынай Жорабаеваның қызына Пекиндегі атақты университет 650 мың теңге берген

Өнер иесі қызы Аяулымның жетістіктерін әлеуметтік желідегі оқырмандарына қуана жеткізіп, сүйінші сұрады, деп жазады Aykin.kz.

Әншінің айтуынша, оның қызы Бейжіңде Minzu University of China оқу орнында ерекше жетістіктерге жетіп жатыр.

«Субһаналлаһ Тағалам-ай. Тілекті орындай салатын, не деген Мейірімдісің! Аяулым 2024 жылы қыркүйек айында Пекиннің атақты Minzu University of China университетіне грантқа оқуға түсіп еді ғой. Аяулым өте жақсы оқығаны үшін тобының басшысы», – дейді әнші.

Белгілі болғандай, оған сабақты жақсы оқығаны үшін университет әкімшілігі 8 800 хумбо, теңгеге шаққанда 650 000 теңге берген.

«Міне, кеше өте жақсы хабар жетті: Өте жақсы оқығаны үшін университет 8 800 хумбо (650 000 теңге) «Пекин сыйақысын» беріпті! Тобында ең жақсы оқыған 1 адамға, яғни Аяулымға, сыртқы іс-шараларға жақсы араласқан 1 адамға. Әуелі Аллама, екінші Гүлсінайыма рахмет. «Аяулым өте ұқыпты, тиянақты, жақсы оқиды ғой, Қытайдың атақты университетіне жіберіңізші» деген бірауыз сөзі қандай керемет мүмкіндік сыйлады. Баршаңыздың балаларыңыз абыройлы, беделді, иманды, бақытты болсын», – деді әнші.