Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Шымкентте полицейлердің қатысуымен жол апаты болды

AstanaTV
17.03.2016ж. 20:00
1360
Шымкентте полицейлердің қатысуымен жол апаты болды

Шымкентте жаяу жүргінші жол-патрульдік полициясы автокөлігінің астына түсіп қалды. Оқыс оқиға кеше түнгі мезгілде болған. 35 жастағы азамат қазір қаладағы жедел жәрдем аруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер жағдайы ауыр дәрежеде екенін айтады. Ішкі істер департаменті өкілдері бұл абайсызда болған оқиға деп отыр. Патрульдік полиция көлігі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен Лада Приора көлігін тоқтатпақшы болған. Ережеге бағынбаған көлік бағдаршамға соғылған.

Балтабек Аблаев, Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД муниципальді полиция қызметінің бастығы:

Бағдаршамға барып соғысқан. Артында тұрған жаяу жүргінші, ол содан қорыққан да, жолға қашып шыққан, сол уақытта келіп, полиция қызметкерлерінің автокөлігіне соқтығысқан.

Дейтұрғанмен, қызметтік көлікте болған үш полицей қызметтерінен уақытша шеттетілген. Қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қызметттік көлікті басқарған полиция сержантының іс-әрекетінде қылмыс құрамы бар-жоғы тексеріледі,- деді Балтабек Аблаев.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ