Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Атырауда сарапшылар форумы өтті

AstanaTV
17.03.2016ж. 20:00
1205
Атырауда сарапшылар форумы өтті

Сайлауалды науқанға сайлаушылардың белсенді қатысуы елдегі өзекті мәселелерді шешуге ықпал етпек. Мұндай пікір «Ұлт жоспары: мемлекет дамуының стратегиялық бағыттары» тақырыбындағы сарапшылар форумында айтылды.

Жиында жергілікті мемлекеттік және үкіметтік емес ұйым өкілдері, оқу орындардың басшылары, елімізге танымал сарапшылар елдің әлеуметтік-экономикалық даму жолдарына тоқталды. Соңғы бір ай бойы ел аумағындағы аталған форумға ұйытқы болып жүрген Қазақстан стратегиялық зерттеу институты.

Ерлан Қарин, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры:

Барлық жерде негізгі көтерілетін мәселе - аймақтық экономиканың диверсификациясы, қандай жаңа мүмкіндіктер бар пайдаланылмай келе жатқан. Біздер осы уақытта қалыптасып қалған әрбір аймақтың маманданып қалған салалары бар. Одан басқа қандай бағыттарды ашуға болады?  Екіншісі ол - проблемалар, қандай нақты проблемалар бар, біз соларды бір жағынан жинаймыз. 

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ