$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Қызылордада мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан топ ұсталды

Қызылордада мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан топ ұсталды

Қызылордада мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан топ ұсталды. Полицейлердің мәліметінше, олар қылмыстық схема құрып, қаладағы кәсіпорындардың бірінен оңай олжаларын жымқырып келген. Оған өндіріс нысанының қызметкерлері мен күзетшілерін де тартқан. Тінту шаралары жүргізіліп, 25 тоннадан аса мұнай өнімі тәркіленді. Алдын ала есеп бойынша, кәсіпорынға 200 млн теңгеден аса шығын келгені белгілі болды. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. 

ҚУАНДЫҚ АЛПЫС, ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:

Полицияға 12 адам жеткізілді. Оның 9-ы уақытша ұстау абақтысына қамалды. Облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы «Мұнай өнімдерін ұрлау және тиісті құжатсыз тасымалдау фактілері бойынша тергеу жүргізуде.