Елімізде
сенат депутаттығына үміткерлерді ұсыну аяқталды. Бұл туралы бүгін Орталық
сайлау комиссиясының отырысында мәлім болды. Сонымен, сайлау науқанына ел
бойынша барлығы 89 кандидат ұсынылған. Оның 82-сі өзін-өзі ұсыну құқығын
пайдаланғандар. Жетеуін мәслихат депутаттары ұсынған. Оның 13-і әйел. Мұнымен
қатар, өз кандидатурасын қызметтегі 4 сенатор ұсынған. Осылайша, бір сенатор
мандатына орташа есеппен 5 үміткерден келіп отыр. Сондай-ақ кандидаттардан 2
шағым келіп түсіпті, оларға заңнамаға сай түсіндірме берілген. Орталық сайлау
комиссиясындағылар сайлау науқаны заң талаптарына сәйкес өтіп жатқанын атап
өтті.