Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Өскеменде қоқыс полигоны қатарынан екінші тәулік өртеніп жатыр

AstanaTV
29.05.2017ж. 20:00
2400
Өскеменде қоқыс полигоны қатарынан екінші тәулік өртеніп жатыр

Өскеменде қоқыс полигоны екінші тәулік өртеніп жатыр. Тілсіз жауды ауыздықтауға барлығы 4 бірлік техника мен жеке құрамның 10 қызметкері жұмылдырылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, жалын жарты гектар аумақты шарпыған. Әзірге оның неден тұтанғаны белгісіз, бірнеше болжамдар қарастырылып жатыр.

Өрт қауіпсіздігінің сақталмауынан болуы мүмкін деген жорамал бар. Мұнда тұрақты мекен-жайы жоқ адамдар жиі баратын көрінеді. Сондай-ақ, өрт қоқыс алаңындағы арнайы техниканың ұшқынынан шығуы мүмкін. Қалалық төтенше жағдай басқармасы мамандарының айтуынша, егер полигон басшылығы құтқарушыларға дер кезінде хабарласса, жағдай ушықпас еді.