$519.28 €540.05 ₽5.31
×

Ақмола облысы Ерейментау қаласындағы мектептерде 800 көшет егілді

14.01.2025ж. 20:00
260
Ақмола облысы Ерейментау қаласындағы мектептерде  800  көшет егілді

Ақмола облысы Ерейментау қаласында 800 көшет егілді. «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен шараға АМАNАТ партиясы, Бұйратау ұлттық табиғи паркі, аудандық білім бөлімінің өкілдері және мектеп оқушылары атсалысты. Бір күнде қаланың барлық мектептерінде емен, қайың және шаған ағашының көшеті егілді. Ұйымдастырушылар жеткіншектердің экологиялық тәрбиесіне көп көңіл бөлу керектігін айтады. Себебі балалар білім қабырғасында жүріп, қоршаған әлем, табиғат пен жануарларға ұқыпты қарауға қалыптасады. Оқушылар алдағы уақытта егілген көшетті суарып күнделікті күтім жасайды. 

ГҮЛБАХЫТ ӘБЕНОВА, "БҰЙРАТАУ" МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ:

Біз қазір барлығын целлофанмен жауып қойып, ылғалдыал жерге тұрғызып қоямыз. Олардың кішкене тамыры шыққанша дейін. Сондықтан күнделікті бақылау қажет әрине, балалардың махаббаты .

ЕРХАН ҚОЖАХАН, БӨГЕНБАЙ БАТЫР АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ ОҚУШЫСЫ:

Бүгінгі біздің жұмысымыз маған өте қатты ұнады, әрі қызықты маңызды болды. Өйткені табиғатты қорғау әр адамның міндеті болып табылады. Былай айтқанда шаған, қайың ағаштарын отырғызу арқылы біз мектеп ауласын көркейтіп, болашақ ұрпаққа жақсы экология қалдырамыз.