"Қазақстан – әлеуметтік мемлекет". Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана» тілі газетіне берген сұхбатында осылай деді. Биыл зейнетақы 8,5%, жәрдемақы 6,5%-ке өседі. Сондай-ақ мемлекеттік қолдау жүйесі белсенді цифрландырылып жатыр. Былтыр отбасының цифрлық картасы арқылы 263 мың адам жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін пайдаланды. Отбасының цифрлық картасы жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін өтініш берусіз рәсімдеуге мүмкіндік береді. Онда 6 миллионнан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.
ДӘУРЕН СЕЙДАХМЕТ, ҚР ЕХӘҚМ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АВТОМАТТАНДЫРУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
2023 жылдан бастап Отбасының цифрлық картасы іске қосылды. Оның негізгі мақсаты – Қазақстан азаматтарының мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету. Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың проактивті форматта мемлекеттік қызметтерді алуға, анықтауға мүмкіндік береді.