Былтырдан бері елімізде 2500 ден астам көлік отқа оранды. Дені қақаған қыста болған. Аяздыгүні отпен қыздырып оталдырамын деп жүріп көбі көлігін өртеп алады.Ал мамандар жүргізушілер қауіпсіздік талаптарын сақтамайды деп шырылдайды.
ДӘРІБЕК БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:
Көлігімді оталдыра алмай жүргеніме үш күн болды. Арқаның аязы аяр емес. Темір тұлпарым суықта сыр берді. Енді астына от қойып қыздырайын десем, тағы қорқып тұрмын, өртеп аламын ба деп.
Оталдырамын деп көлігі отқа оранғандар қаншама? Алайда, оны мамандар бұл жүргізушінің өзінен кеткен қателік деп есептейді. Себебі уақытылы техникалық тексерістен өткізбейді.
РИШАТ СҰЛТАНҰЛЫ, КӨЛІК ЖӨНДЕУШІ:
Көбі жаздық маймен жүреміз деп майы қатып астына от жағады. Сол моментте от пен машиналар өртеніп жатыр. Соны алдын ала күзде дайындау керек. Майын ауыстырыру керек. Антифризін, суын, бәрін қарау керек.
Елімізде былтыр 2500 ден астам көлік отқа оранған. Бір ғана Астананың өзіңде қар түскелі 60 көліктің күлі көкке ұшыпты. Төтеншеліктердің айтуынша, барлық жағдайда қауіпсіздік ережелері сақталмаған.
МИРАС ҚАДЫРЖАН, ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ:
Қазір халықтың арасында аяз түскенде көліктерді арнайы жылытқыш арқылы жылытады. Ол яғни қатаң тиым салынған. Онымен жылытуға болмайды. Машина қызбай жатса жылы гаражға қойып машинаны солай қыздыру керек.
Қазір көлікке қосалқы жабдықтарды орнататындар көп. Орындықты жылытатын, қозғалтқышты қашықтан іске қосу жүйелері орнатылса, мұның барлығы көліктің дұрыс жұмыс істеуіне кері әсер етеді.Мамандар көліктегі өрттің шығуы көбінесе сымдардың тұйықталуынан болатынын айтады. 10 жылдан аса пайдаланған көліктен өрт шығу қаупі жоғары.