Қостанайда 5 баланың өліміне анасы кінәлі деп танылды. Айыпталушы 5 жылға сотталды. Еске салайық, былтыр қазан айында Жітіқара ауданындағы тұрғын үйде өрт шығып, 5 бала ажал құшты. Ал анасы балғындарын қараусыз қалдырып, түні бойы жеке шаруасымен жүргені анықталды.Әбден тонған балалардың үлкені таңғы төрт шамасында пеш жағып, жылынбақ болған көрінеді.Ол белгісіз сұйықтық құйылған бөтелкені отқа салады.Осы уақытта өрт шыққан. Сот өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бойынша қылмыстық істі қарап, бес баланың анасына үкім шығарды.
ЛӘЗЗАТ БАЙҒОЖИНА, ОБЛЫСТЫҚ СОТ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
ҚК 74-бабының негізінде жас баласының болуына байланысты жазаны орындау кейінге қалдырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.