Мемлекет басшысының бастамасына атсалысқан батысқазақстандықтар бүгін саябақ пен көшелердің қарын тазартып, "Таза Қазақстан" акциясына үн қосты. Ел-жұртты біріктірген бұл шарадан Тасқала ауданының тұрғындары да тыс қалмады. Ауылдың жүзге жуық ерікті қыз-жігіттері орталық саябақты қардан тазартты. "Азалы ана" ескерткішінің айналасын мұнтаздай қылды. Бұдан кейін белсенділер қариялардың үйіне барып, ауласының қарын күреп, отынын жарып берді.
ҚУАНЫШ ҚАБДОЛДА, ТАСҚАЛА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жалпы саны 12 сенбілік өткізілді. Ауылымыздың 56 көшесі тазартылды. Тазалық әрқайсымыздың ауласынан басталатынын ұмытпайық.
ГҮЛМИРА БАТЫРОВА, "БІЛІМ" БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Тәртіп енді әр адамның өзінің отбасынан басталады. Әр шарбақтың өзінен басталатынын ел түсінеді және біздің бастауыш партия ұйымы әр уақытта атсалысуға дайын!