Лайк -күнә! Енді біреуді балағаттап, қорлаған постқа қолдау білдіруге болмайды. Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы пәтуа шығарды. Осыған дейін әр басқан лүпілдің ақысы қалай қайтарылады? Дәрібек Бахытбек сұрады.
ДӘРІБЕК БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:
Шәй ішіп, телефон шұқылап тұрамын. Айдана келеді.
Айдана, сәлем!
Не дейсің Дәрібек, неге менің мазамды аласың.
Мен тек сәлемдестім ғой.
Керек емес сенің сәлемің, неге қылт етсең видеоға түсіресің. Сотқа беремін.
Қызық па, мен артық ешәнрсе демедім ғой. Қырсыққанда әлеуметтік желігі жүктейін.
Қаншама уақыт өтті. Ешкім лайк баспағаны қалай?
Лайықты дүние болмағасын лайк басылмады дейін десем желіде балағаттаған, бір-бірін жамандаған постқа пікір қарша борайды. Менікіне ешкім міз қатпады. Жерден алып, жерге салмады. Өйткені біреуді балағаттаған, қорлаған постқа лайк басу - күнә саналады.
ЕЛБЕК ТАСБОЛАТҰЛЫ, ҚМДБ ШАРИҒАТ ЖӘНЕ ПӘТУА БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:
Басқа біреудің ар намысын таптау, біреуді қорлау кемсіту, қорқыту дін бойынша арам болып есептелінеді. Осындай материалдарға қолдап комментариЙ жазуда, оған лайк басуда дініміз бойынша тиым салынған амал болып есептелінеді.
Күнә болады, ұят болады. Көп нәрседен тиятын сөздер. Желіде желпініп отыратындарды бұл пәтуа тәубелеріне келтіре ала ма? Көпшіліктің пікірін білдік.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Жоқ ол тоқтамайды ау. Қаншама халық бар. Қайсысы боқтап жатқан адамға, қайсысы лайк басып жатқаның білмейсің. Ондайлар жетеді.
- Балағат сөз әрқашанда дұрыс болмайды. Балағат сөз айтылмау керек деп ойлаймын.
- Мен де ойлаймын дұрыс емес деп. Штраф сап қолға алса тоқтайды деп ойлаймын.
Әлеуметтік желіде бір-бірін балағаттап, аузына келгенін айтатындар аз еместігін қоғам белсенділері де мойындайды. Оларды жамандықтан тыйюдың ең оңай жолы осы дейді.
АЙША ҚҰРМАНҒАЛИ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:
Негізінде осындай бір жолға салатын, жөнге салатын тетік қажет болатын. Әлеуметтік желіде адамдар білгендерің істеп, білгендерің айтып, ауыздарынан ақ ит кіріп, көк ит шығып жатады ғой қазақша айтқанда. Сондықтан мен үшін бұл өте құптарлық жағдай.
Бұдан өзге Діни басқарма денесіне тату салуға да тыйым салды. Ол да -күнә.