$530.12 €546.08 ₽5.17
×

Алматыда белгілі паблик авторы ұсталды: ол 7 жылға дейін сотталуы мүмкін

AstanaTV
18.01.2025ж. 11:32
29
Алматыда белгілі паблик авторы ұсталды: ол 7 жылға дейін сотталуы мүмкін

Алматыда QazNews24 сатиралық пабликтің авторы Темірлан Еңсебек ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, әлеуметтік желідегі жазба арқылы ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін парақша админіне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

"Осы қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен пабликтердің бірінің авторы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы ("Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру") бойынша күдікті жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.