$530.12 €546.08 ₽5.17
×

«Өзіңнен кіші жігітке тұрмысқа шығу сән ғой»: Әнші Ayree екінші күйеуі туралы айтты

AstanaTV
18.01.2025ж. 17:19
89
«Өзіңнен кіші жігітке тұрмысқа шығу сән ғой»: Әнші Ayree екінші күйеуі туралы айтты

Ayree лақап атымен танымал әнші «Мамский әңгіме» подкастына сұхбат беріп, отбасылық өмірі туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Подкаст жүргізушісі әншіге сұрақ қойып отырып, «Күйеуің сенен екі жас кіші екен» деді. Оған Ayree «айтып қойдыңыз ғой» деп қалжыңдап еді, Айнұр Ілиясова қазір жасы кіші жігіттерге күйеуге шығу сән ғой деп жауап берді.

«Иә, жасы кіші, бірақ бұл мүлдем білінбейді. Күйеуім туралы айтсам, айтатын, мақтайтын әңгіме өте көп. Шыны керек, мен қалай өзім тіледім, күйеуім қандай болуы керек екенін қалай елестеттім, сондай болып шықты. Сондықтан, қыздар, барлығын армандап, сұрап алыңдар. Мен сыртқы келбеті емес, ішкі мінезін сұрадым. Бәрі сұрағанымша болды», — деді әнші.

Оның айтуынша, күйеуінің жасының кіші болуы олардың қарым-қатынасына ешқандай әсер етпейді, тіпті бұл айырмашылық байқалмайды. Ayree қыз-келіншектерге өз армандарына сеніп, болашақ жарын таңдағанда ішкі қасиеттеріне басымдық беруге кеңес берді. Оның айтуынша, армандаған нәрсені анық сұрау – сол армандардың орындалуына жол ашады.

Сұхбат барысында Ayree экс-күйеуімен араласпайтынын және оның басқа отбасы бар екенін жасырмады.

«Егер кейін балам қаласа, экс-күйеуіммен араласуына қарсы болмаймын. Бірақ қазір менің таңдауым осы болды, мүлдем араласпаймыз», – деді Ayree.