Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Атырауда бір аптада екі баланы ит қауып алды

AstanaTV
31.05.2017ж. 20:00
2867
Атырауда бір аптада екі баланы ит қауып алды

Атырауда бір аптаның ішінде екі баланы ит қауып алды. Үш жасар бүлдіршінді көршінің иті тістеп алған. Полицейлердің дерегінше, итіне ие болмаған қожайынға 11 мың 345 теңге айыппұл салынған. Ал баланың ата-анасы қабаған иттің иесі жазадан жеңіл құтылды деп отыр.

Лиза Мұхамбетəлиева, баланың әжесі:

Далада есіктің алдында ойнап жүргенде көршінің иті қауып алған. Өзі алып келді, баланы, хозяинымын деп, несін берді. Қапқан иттің анализі керек: ол құтырған ит пе, ауру ит пе - біз білмейміз. Ал иесі соның несін бермей отыр.

Бұған дейін де 13 жастағы баланы алабай тұқымдас төбет аяусыз талаған еді. Қазір ол ауруханада жатыр.

Гүлмира Мерғазиева, облыстық балалар ауруханасы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі:

Біздің бөлімшеге 13 жасар бала түскен, көптеген ит қапқан жарақатпен. Жарақаттары өте терең болған. Бала түскенде жағдайы ауыр болды, дер кезінде ота жасалып, баланың жағдайы жақсаруда.