$451.05 €504.95 ₽5.6

Алматыда «Қалдықты сұрыпта – табиғатты сақта!» атты экологиялық акция өтті

AstanaTV
27.10.2026ж. 19:00
Алматыда «Қалдықты сұрыпта – табиғатты сақта!» атты экологиялық акция өтті

Алматының Жетісу ауданында «Қалдықты сұрыпта – табиғатты сақта!» атты экологиялық акция өтті.  Шара барысында жастар мен тұрғындар жиналған тұрмыстық қалдықтарды Жетісу-2 комьюнити орталығындағы эко-хабқа әкеліп, арнайы контейнерлерге сұрыптады. Қайта өңдеуге жарамды қоқысты фандоматқа өткізді. Қатысушыларға қалдықтарды дұрыс сұрыптау, табиғи ресурстарды сақтау және қоршаған ортаны қорғау жолдары түсіндірілді. Акцияға ауданның белсенді жастары, тұрғындары мен комьюнити орталығының қызметкерлері қатысты. Бастама тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттырып, табиғатты қорғауға үлес қосуды көздейді. 


АЙБЕК БЕРІКБОЛҰЛЫ, ЖЕТІСУ-2 КОМЬЮНИТИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Біздің басты мақсатымыз қаламыздың тұрғындарына, қонақтарға, жастарға болсын экологиялық мәдениетті қалыптастыру және экологиялық сананы одан әрі жетілдіру болып табылады. Біздің жалпы экохабқа келген жастар болсын, тұрғындар болсын бұл жерге тек қана өздерінің керек емес қоқыстарын өткізіп қана кетпейді, өздерінің егер де үздік болып табылатын болса, әрдайым тұрақты түрде өткізетін болса, арнайы ұйымдастырушылардың тарапынан арнайы сыйлықтар да қамтамасыз етілген.