Биыл
мектеп бітірген 130 мың оқушының 97 мыңы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады.
Еуразия ұлттық университеті қабырғасында өткен Білім және ғылым министрлігінің
есеп беру жиынында вице-министр Эльмира Суханбердиева осылай деді. Оның
мәліметінше, 10 мамырға дейін өтініш қабылданып, сынаққа оқушылардың 67 пайызы
қатысатыны белгілі болған. Бүгінде 10-11 сыныптарға ағылшын тілінде сабақ
беретін 16 мыңнан астам мұғалім тапшы. Министрдің айтуынша, мәселе 2 жылда
шешілмек.
Ерлан
Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрлігі:
Биылғы
жылы 5000 мұғалім ағылшын тілін тереңірек меңгеруге кіріседі деп жоспарлаған
едік. Бірақ, бізге 12 мың маман жазылды. Олар 9 ай бойы білімін жетілдіреді.
Осы уақытта жалақылары сақталады.
Ұстаздардың дені оқуды бастап кетті. Келесі жылы да 12 мың мұғалімді оқытамыз
деп жоспарлап отырмыз. Яғни 2 жылдың ішінде ағылшын тілінде сабақ бере
алатын 5000-ға жуық колледж бен жоғарғы
оқу орындарын тәмамдаған бакалавр мен магистрлерді дайындап шығамыз.
Сондай-ақ,
биыл мемлекеттік гранттардың да саны артатыны белгілі болды. Бакалавр дәрежесін
алушыларға грант 31 мыңнан 37 мыңға, магистратурада білім аламын дегендерге 7
мыңнан 10 мыңға, ал докторанттарға грант 600-ден 800-ге дейін көбейтілген.