Нидерланд астанасы Амстердамда «Ұлттық қызғалдақтар күні» мерекесі басталды,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.
Гүл өсірушілер қала орталығындағы алаңдардың бірін үлкен баққа айналдырған. Мұнда 200 мыңдай қызғалдақ жайқалып тұр. Голландия астанасында бұл іс-шара жыл сайын ұйымдастырылады. Биылғы маусым Амстердам қаласының 750 жылдық тарихына арналып отыр. Мерекені тамашалап, гүл сатып алу үшін орталыққа мыңдаған адам қызықтап барған.
Даниела Бермудес, Венесуэла турисі:
Түрлі-түсті гүлдер бәрінен бұрын өмір мен қуаныштың символы іспеттес. Әдемілігіне қарап, қызғалдақтарды осылай ғана сезіп, қабылдаймын.