Қазақстан – Түркіменстан шекарасында 50 жүк көлігі сазға батып қалды. «Қазавтожол» ұлттық компаниясының Маңғыстау облыстық филиалы бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды lada.kz.
Келеңсіз оқиға «Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түркіменстан шекарасы» бағытындағы автожолдың асфальт төселмеген учаскесінде тіркелді. Екі күн бойы жауған жаңбырдан кейін жол батпаққа айналған.
Батып қалған көліктердің басым бөлігі эвакуацияланса, қалғанын сүйреп шығаруға тура келген.
«Қазіргі уақытта 2026 жылға жоспарланған автомобиль жолының осы учаскесін күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр», - деп атап өтті «Қазавтожол» компаниясының өкілдері.