$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Елордада құтқарушылар жедел жәрдем көліктерін қар құрсауынан шығарды

AstanaTV
22.01.2025ж. 10:12
259
Елордада құтқарушылар жедел жәрдем көліктерін қар құрсауынан шығарды

Елордалық құтқарушылар қар құрсауынан 2 жедел жәрдем көлігін шығарып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ-нің баспасөз қызметі түнде 2 астаналық жедел жәрдем көліктері қарға терең батып, қар құрсауынан өздігінен шыға алмағаны туралы ақпарат таратты.

Құтқарушылардың үйлесімді және жедел іс-қимылдарының арқасында көлік аз уақытта қар құрсауынан босатылды. Медицина қызметкерлері елордалық құтқарушыларға көрсеткен көмегі үшін алғыстарын білдірді, - деп жазылған министрлік таратқан мәліметте. 

Бұл ретте ТЖМ қардың көптеп түсуіне және орын алған көктайғаққа байланысты ТЖМ жүргізушілерден жолдарда аса сақ болуды еске салады.