$527.58 €546.15 ₽5.29
×

Қазақстанға басқа адамның төлқұжатымен кірмек болған шетел азаматы ұсталды

AstanaTV
22.01.2025ж. 11:13
83
Қазақстанға басқа адамның төлқұжатымен кірмек болған шетел азаматы ұсталды

Түркістан облысындағы шекарада шетел азаматы өзге адамның төлқұжатымен Қазақстанға өтпек болған жерінен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҰҚК мәліметінше, оқиға 18 қаңтар күні Түркістан облысының «Жібек жолы» өткізу пунктінде болған.

«2025 жылдың басынан шекарашылар жалған және өзгелердің төлқұжаттарын пайдаланудың 16 фактісін анықтаған.
2024 жылы халықаралық қатынас жолдарында 400-ден астам осындай құқық бұзушылықтардың жолы кесілді.
ҰҚК шекара қызметі жалған және бөтен құжаттарды пайдаланып шекарадан өткені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын хабарлайды», - делінген ҰҚК хабарламасында.