Былтыр еліміздің 3 өңірінде жаңа әуежай ашылды. Сол уақыттан бері Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында қосымша рейстер ашылып, жолаушыларға қызмет көрсету сапасы артты. Сондай-ақ халықаралық бағыттарға әуе тасымалы көбейді. Бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына мүмкіндік берді.
Былтырдан бастап пайдалануға берілген Алматының жаңа әуежайы еліміздегі ең ірі терминал. Мұнда күніне 200-230 рейске қызмет көрсетіледі. Әр бортта 180 жолаушы болады, дейді мамандар. 2023 жылы ескі әуежай 9 млн-нан аса адамға қызмет көрсетсе, жаңа терминал іске қосылған 8 айдың ішінде 11 млн-нан аса жолаушыны қабылдап үлгерген.
ЖАНДОС ТҰРЛЫБЕКОВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙ КЕШЕНІ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:
Жолаушыларды қабылдау ағыны 2023 жылмен салыстырған кезде үш есе артық болды. Телескопический траптар, көпірлер, самолетпен терминалдың арасын жалғайтын одан бізде енді ескі терминалмен салыстырғанда саны да көп, сапасы да жақсы.
Қызылорда облысындағы жаңа әуежай терминалы ашылғалы мұнда жолаушы тасымалы 7 есеге артқан. Аймақтағы ірі жобаға 35 млн доллар жұмсалған. Заманауи үлгіде ғимараттың аумағы – 7500 шаршы метр. Онда телескопиялық трап, эскалатор мен лифт бар. Сондай-ақ ана мен бала бөлмесі, медпунктер, өз-өзін тіркеу бекеттері де талапқа сай жұмыс істеп тұр.
БАЯН ӘЖМОЛДАЕВ, "ҚОРҚЫТ АТА ӘУЕЖАЙЫ" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
Қазіргі таңда біздің әуежайымыздан аптасына 26 рейс орындалуда. Олардың 17 рейсі Астана қаласы болса, 9 рейсі Алматы қаласына. Алдағы уақытта мамыр айынан бастап қыркүйек айына дейін Қызылордадан тікелей чартерлік рейстер ашуға, Қызылорда-Антальяға ашуға жоспарланып отыр.
ЖАННА СЫБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Өте жайлы, өте керемет. Барлық жағдай жасалған. Бұрын жүк тасымалын біз қолма-қол күтіп алатын едік, қазір ондай емес, барлығы заманауи жасалынған.
Шымкент қаласындағы жаңа әуежайда да халықаралық әуе рейстері көбейген. Қазір мұнда сағатына 2 мың жолаушыға қызмет көрсетіледі. Жалпы терминал халықаралық стандартқа сай жұмыс істеп тұр.
РОЛАН ИБРАГИМОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Борт бізде 150-180 болатын болса, 1 сағатта яғни, 10 бортты оңай қабылдай аламыз. Қазіргі таңда бір сағатта бір бортты ғана қабылдай алатынбыз. Яғни он есе қызмет көрсету мүмкіншілігі бар. Ауа райының салдарынан самолеттердың тоқтау немесе уақытынан кешігу болмайды.
Оңтүстік өңірдегі әуежайдың 6 гектар аумағына перрон жасақталған. Сондай-ақ түрлі брендтегі сауда нүктелері мен қонақ үй де бар.